Login to make your Collection, Create Playlists and Favourite Songs

Login / Register
Экошейминг, климаттық босқындар және қоқыстың жаңа өмірі. Экология туралы ашық әңгіме
Экошейминг, климаттық босқындар және қоқыстың жаңа өмірі. Экология туралы ашық әңгіме

Экошейминг, климаттық босқындар және қоқыстың жаңа өмірі. Экология туралы ашық әңгіме

00:00:01
Report
Экологиялық үрей, экошейминг, экобелсенділердің жұмысы, қалдықтарды сұрыптау мәдениеті, еліміздегі экологиялық мәселелер – бүгінгі эпизодта осы тақырыптарды көтереміз. Біздің қонағымыз – эколог, экосенбіліктер мен эконауқандарды ұйымдастырып жүрген белсенді маман Пакизат Сайлаубекова.Пакизаттың айтуынша, қалдықты сұрыптау – бизнес. Бірақ біздің елде қоқыстың сапасы өте нашар, оны өңдеу үшін көп су мен электр энергиясы жұмсалады. Егер біз бастапқыда қоқысты дұрыс сұрыптасақ, экологиялық ізі әлдеқайда аз болар еді.Сонымен, Қазақстанда экология қандай деңгейде? Біз экосауатты қоғам болуға дайынбыз ба? Экологияны ойлау – артықшылық па, әлде қажеттілік пе? Осы және басқа да маңызды сұрақтарға бірге жауап іздейік.Таймкод:00:00 - аңдатпа, қонақпен танысу02:00 - Еліміздегі негізгі үш экологиялық мәселе мен ауа тазалығының деңгейін қалай бағалаймыз?05:50 - экологиялық үрей дегеніміз не?10:11 - экобелсенділер мен зерттеушілердің жұмысы, экосауаттылық маңызы мен климаттық босқындардың артуы15:47 - мектеп жасынан бастап экосауаттылық сабақтарының маңызы, қалдықтардың түрі мен оларды сұрыптау жолдары 20:50 - Қазақстанда ауасы ең таза қала 24:24 - ауа тазалығының жүрек пен қан айналымына әсері 27:00 - экологияны ойлау артықшылық па әлде қажеттілік пе?33:33 - экосенбілікте не қабылданады?40:10 - экошейминг, триггерлер мен экоблогерлер 46:38 - Алматы облысында қағаз өңдейтін зауыттар мен zero waste, 5 R қағидалары 50:20 - әр қазақстандық жылына қанша кг қоқыс тастайды?54:05 - қалдықтарды қалай сұрыптау керек?Пайдалы сілтемелер:Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/Пакизат Сайлаубекованың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/mrs.greenpeace/ "Экология без паники" подкасына сілтеме - https://ecologiya-bez-paniki.mave.digital Recycle бастамасының инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/recycle.birge.qaz/Алматы? Көк түтінге көне береміз бе? (деректі фильм) - https://www.youtube.com/watch?v=1_zgT_6zKrc

Экошейминг, климаттық босқындар және қоқыстың жаңа өмірі. Экология туралы ашық әңгіме

View more comments
View All Notifications